Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметін уақытша тоқтатады

822

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Мемлекетте жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 21 наурыздан 16 сәуірге дейін қызметін уақытша тоқтатады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы арқылы онлайн ала алатындарыңызды естеріңізге саламын.
Дайын құжаттарды беру мақсатында наурыз айының 28 -не дейін құжаттарды беру секторлары дүйсенбі-жұма күндері 09:00-ден 17:00 -ге дейін жұмыс істейтін болады.

Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу туралы ақпаратты 1414 байланыс орталығынан білуге болады.

Басқа сұрақтармен Абай, Қаратау, Еңбекші, Әл-Фараби аудандары бойынша мына байланыс нөмірлері арқылы байланыса алады:

Абай ауданы: +77016210164
Қаратау ауданы: +77027110024
Еңбекші ауданы: +77022610481
Әл-Фараби ауданы: +77787775417