Әлемді жайлаған індет кесірінен бүгінде студенттер оқуды қашықтықтан жалғастыруда. Алдымен Еуропада қолға алынға бұл әдіс апта басында Қазақстанда да басталды.
Оның ішінде шымкенттік шәкірттер де білімін үйінде отырып жалғастыруға мәжбүр. Бұл екінші жартыжылдықта студенттердің бір бөлігі іс-тәжірибеден өтіп жүрген еді.
Жағдайға байланысты ол да кейінге шегерілді. Бұлай жалғаса берсе оқу ордасынан түлегелі отырған бүгінгі суденттер дипломды да қашықтықтан қорғауы мүмкін дейді ОҚМУ ректоры Дәрия Қожамжарова.
Назерке Үкібасова