Қызғалдақ жұлғандар қандай жауапкершілікке тартылады?

386

Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген ерекше қорғаудағы қызғалдақтардың маусымы басталысымен, оны жұлу жағдайлары да тіркелген.

1 айдың ішінде бірнеше факт тіркеліп, қолға түскен 3 азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып отыр. Маңызды ақпаратты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның мамандары мәлімдеді.

Айтуларынша, наурыз-сәуір маусымындағы заңсыз әрекет көбіне Ордабасы, Бәйдібек аудандарының аумағына орын алады. Сондықтан, қазіргі уақытта бұл аумақтардағы тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалау жұмыстары күшейтілген.Самат Жолдықараев, Түркістан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның бөлім басшысы:»Жыл сайын науыз-сәуір айларында рейдтік шаралар жүргіледі. Осы қызғалдақтарды кесу бойынша ҚР ҚК арнайы бабымен жауапкершілік қаралған. Яғни, кез келген азамат 1 дана қызғалдақты жұлған жағдайда, ҚР заңнамаларына сәйкес, 0,5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді».

Айта кетейік, Түркістан облысы аумағында 3000-нан астам өсімдік өседі. Оның 48 түрі «Қызыл кітапқа» енген.

Мөлдір Бекеева