«Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалы мамандарының берген мәліметі бойынша 23-ші сәуірде Шымкентте шамалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады, Оңтүстік бастыстан 8-13 м/сек жел тұрады.
Түнде ауа температурасы 12-14 градус жылылықты көрсетсе, күндіз сынап бағанасы 30-32 градусқа дейін ысиды.
Сәуірдің 25-не Шымкентте жаңбыр жауады. Салдарынан ауа температурасы күндіз +20+22 градусқа төмендейді.
24-ші сәуірде Түркістан облысының басым бөлігінде бұлтсыз, оңтүстік батыстан 8-13 м/сек жел тұрады. Кей жерлерде оның екпіні 15-20 м/сек жетеді. Кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Күндіз 30-35 градусқа дейін күн ысиды, таулы аудандарда сынап бағанасы 25 градус жылылықты көрсетеді.
25-ші сәуірде облыс аумағында жаңбыр жауады. Дауыл тұрып, найзағай ойнайды. Солтүстік шығыстан 9-14 м/сек жел болады. Күндіз ауа райы 20-25 градус жылылықты көрсетеді. Өңіріміздің оңтүстік аумақтарында сынап бағанасы +28-градусқа дейін көтеріледі.
Шынар Оразова