Төтенше жағдайда табыссыз қалған жерлестерін қолдауды Шымкент қалалық мәслихаттың депутаттары да ұйғарыпты.
Шаһардағы 4 аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылары мен жалғыз тұратын зейнеткерлерге азық -түлік жиынтығын табыстады.
Абай ауданы әкімдігінің алдына жеткізілген азық-түлікті еріктілер әкімдіктің берген тізіміндегі мекен-жайларға жеткізді. Гагарин көшесіндегі жатақханада он отбасы көмекке мұқтаж екен. Карантиндегі қысыл-таяңда жеткізілген азық-түлік төтенше жағдай кезінде уақытша табыстан қағылған аналарға кәдімгідей қолдау болды.
Енді осы азық -түлікті қарантин соңына дейін жеткізуге тырыспақ. Алайда, шаһардағы шектеу шараларының қаншаға жалғасатыны әзірге нақты белгісіз. Дегенмен, осыған дейін барды үнемдеп келген отбасылар алдағы күннен үмітті.
«Біз біргеміз» акциясы қаладағы үш ауданда жалғасады. Осы аптада тізімге іліккен көпбалалы, әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын азаматтарға азық-түлік толық жеткізіледі.
Шынар Оразова