Оқушыларға мектептегі компютерлерді жеткізіп, интернет желісін жалғатып берді

131

Білім басқармасы 222 мыңнан астам оқушының материалдық жағдайын саралап, оларды бірнеше топқа бөлді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева мәлімдеді.

Айтуынша 30 мың 364 бала аз қамтамыз етілген отбасыдан шыққан. Оның 17 мың 616 компьютер қажеттілігі туындаған. Бұл мәселені шешу мақсатында қала мектептеріндегі 10 192 компютер оқушыларға таратылып берілді.

Ал, қалған 7424 балаға қажетті компьютер сатып алу үшін республикалық бюджеттен 2250,0 миллион теңге бөлінді. Ол қаржыға 9000 компьютер сатып алуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл жуық арада шешіледі, – деді басқарма басшысы.

Қашықтықтан оқыту жүйесі Қазақстан үшін таңсық емес. Алайда мектеп оқушылары жалпы бұндай жаппай қашықтықтан оқыту жүйесін бірінші рет қолданып отыр.

Сондықтан қиындық болуы заңдылық дейді жауаптылар. Сала мамандарының хабарлауынша 17 мыңнан астам ұстаз тас түйін дайын отыр. Олар алдын ала әлеуметтік желілер мен мемлекеттік бағдарламаларды каникул кезінде қарады. Жаңа оқу тоқсанына қатысты жоспарларын түзіп қойған. Әр пән мұғалімі соңғы тоқсанда оқытылуы қажет сабақтардың арнайы кестесін жасаған. Бұл үйде отырған бара үшін тиімді. Өйткені уақытын босқа өткізбей сабақ оқиды.

Ата-анаға қиындық болмас үшін қалалық білім басқармасы арнайы балалардың тізімін жасап, үйінде компьютері жоқ көмекке мұқтаж балаларға мектептегі компютерлерді жеткізіп, интернет желісін жалғатып беріпті. Мұқтаж отбасыларға оның ақысын да төлеп берген. Ол қаржы мектепке тартылған интернетке кететін шығын есебінен жабылған.

Мақпал Рысбаева