«Отырар» телеарнасының тікелей эфиріне қала әкімінің орынбасарлары шығады

249

Бүгін «Отырар» телеарнасының тікелей эфирінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары Ербол Әбілхайырұлы Садыр (19:00) және Исахов Мақсұт Пернебайұлы (20:00) тұрғындардың сұрақтарына жауап береді. Жіберіп алмаңыз. Мына сұрақтардың жауабын ала аласыз:

Ербол Садыр:
– Шымкенттегі коронавирустың жағдайы қандай, – уақытша аурухана қайда салынып жатыр,
– Шымкентте қанша адам коронавирус жұқтырған,
– карантинге байланысты барлық сұрақтар.

Мақсұт Исахов:
– қалада азық-түлік бағасы қалай реттеледі, – егер сіз өнімнің құнын аспандатып жіберген жағдайға тап болсаңыз қайда қоңырау шалу керек,
– қалада қалай және кімге жүруге рұқсат етілген.

Тікелей эфир телефон нөмері: 21 44 50

Сонымен қатар, сіз өз сұрақтарыңызды осы посттың астына түсініктемелерде қалдыра аласыз – біз міндетті түрде жауап береміз.