Сенімді ақтамаған мердігер тендерден қағылады

178

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасуда.Шаһар басшысы балалар алаңшаларында болып, спорт алаңындағы тренажерлардың сапасын да тексерді. Әл Фараби ауданындағы жөндеуден өткен 100 аулалардың бірінде тұрғындар жергілікті билікке алғыстарын жеткізді. Айтуларынша спорт алаңшаларындағы арнайы құрылғылар дене шынықтырумен айналысуға мол мүмкіндік береді.

Ал Абай ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғыны аулада құрылыс жүргізген мердігерлердің жұмысына көңілі толмайтынын қала әкіміне жеткізді. Сенімді ақтамаған осындай мердігерлер тендерден қағылатыны анық. Абай ауданында 40 аула абаттандырылады.

Мүрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Егерде аулаларыңыз көрікті, таза болсын десеңіздер, КСК құрыңыздар. Ортадан жинаған қаржыға гүл, ағаш көшеттерін сатып алып, отырғызасыздар. Аула сыпырушысының еңбек ақысын да бере аласыздар. Ауланың тазалығы, балалар мен спорт алаңшаларындағы құрылғылардың күтіміне өздеріңіз жауаптысыздар».

Шынар Оразова