Úı ANONS Шымкентте жалған ақпарат таратқан азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте жалған ақпарат таратқан азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Шымкентте тағы да 58 адам коронавирус жұқтырғаны» туралы жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды.

Ол «Отырар.кз» сайты хабарлады деп, «Қатерлі індетке шалдыққандар Самал, Самал-1, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Асар, Құрсай, Бозарық шағынаудандарының тұрғындары, олар 300-ден астам адаммен байланыста болған», -деген мазмұнда әлеуметтік желіге жалған ақпарат жүктелгенін мойындады.

Шымкент қалалық прокуратурасының мәліметіне сай, енді ол жігіттің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабы, 4-бөлігімен (жалған ақпарат) іс қозғалды.

Мөлдір Бекеева