Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасының құны- 3,8 млрд. теңге

345

Шымкентте осы уақытқа дейін 667 мың көпреттік бетперде тігіліп сатылған. Ал, қорда тағы 750 мыңы бар екен. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты.

«Отырар» телеранасына берген сұқбатта ол сондай- ақ, дәрі қорының да жеткілікті екенін мәлімдеді. Тұтқиылдан төнген індет кезінде тағы 1 600 қорғаныс киімі пайдаланылған. Бүгінде қосымша 3000 қорғаныс киімі тігілу үстінде.

Шымкенттегі жаңа жұқпалы аурулар ауруханасының құны- 3,8 млрд. теңге. Ол қаладағы «Асар» шағынауданында бой көтереді. Бүгінде жаңа аурухананың құрылысы басталып та кеткен. Онда 200 науқас ем алып, 400 дәрігер жұмыс жасамақ. Ақ халаттылардың тізімі де белгілі екен. Олар қазір біліктіліктерін арттыру үстінде.

Шымкенттік дәрігерлер қонақүйден қатынап жұмыс істеп жүр. Қаламыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында көрінбейтін жаумен күресіп жүрген ақ халаттылар үйіне қайтпайды. Себебі, қатерлі дерттің оларға да жұғып кету қауіпі бар. Сондықтан да олар қонақүйге қатынап жұмыс істеп жүр. Еске сала кетейік, бұған дейін 120 медициналық қызметкердің инфекция жұқтырғаны белгілі болған еді. Оның бірінің жағдайы мүшкіл.