Жедел жәрдем қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған азаматты аман алып қалды

208

 

Кентау қаласының 42 жасар тұрғыны «Тасарық» су арнасында көпірден секіріп, өз өміріне қол жұмсамақ болған. Абырой болғанда полиция қызметкерлері жігіттің суға батқанын көріп, тез арада құтқарып қалды.

Тәртіп сақшылары шұғыл түрде жедел жәрдем қызметкерлерін көмекке шақырған. Құтқару тобы 7 минутың ішінде келіп жеткен. Медицина қызметкерлері келгенде азаматтың тыныс алуы тоқтап, клиникалық өлім орын алған.

Оң нәтижелі медициналық көмектің арқасында азамат 2 минуттан соң өзіне келген. Жедел жәрдем көлігімен Кентау қалалық ауруханаға жеткізіліп, қосымша емдік шаралары көрсетілді. Өміріне ешқандай қауіп жоқ. Дәрігерлердің айтуынша өзіне қол жұмсамақ болған науқас жүйке жүйесінің ауытқуы бойынша диспансерлік есепте тұрады.

Жалпы, Түркістан облысының жедел жәрдем қызметкерлері жыл басынан бері 160 мыңнан астам шақыртуға шыққан. Оның ішінде 10 адамның өміріне араша түсіп, нақты қаперден аман алып қалған.