Ардагердің ақ батасын алды

202

Ардагерлерді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент ұжымы құттықтады. Жеңіс күніне орай үй-үйді аралаған департамент мамандары батырлардың ауласын тазартып, азық-түлік те үлестірді. Осылайша майдан шебінде ел қорғаған жандар тағы да құттықтауға ие болды.

Әли Әскеров биыл 98 жасқа толды. Туғанына ғасырға жуықтаған қарттың жастық шағы тура соғыс кезіңмен тұспа-тұс келіпті. 20 жасында қан майданға аттанған ол алдымен қатардағы әскери болып, ел қорғадым дейді. Кейін батальон командиріне дейін көтеріліпті. Осылайша Кеңес армиясында 6 жыл қызмет еткен.

Соғыстан кейін Өзбекстанның Ташкент қаласында тұрған. Ал Шымкентке көшіп келгеніне биыл 63 жыл. Бүгінде 4 бала, 14 немере, 24 шөбере, 2 шөпшектің атасы. Жеңіс күні ол үшін ерекше мереке. Мереке қарсаңында оны құттықтап мемлекеттік қызмет істері агенттінің Шымкент қаласы бойынша департамент ұжымы келді.

Ардагерге алдымен сый сыяпатын берген ұжым кейін үй шаруасына көмектесті. Ауланың жан – жағын жинаған олар осылайша батыр ақсақалдың ақ батасын да алды.

Назерке Үкібасова