Басқарма басшысының орынбасары сотталды

208

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшының орынбасары Е. Үмбет 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқара алмайды.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысы талқыланған брифингте айтылды. Тиісті департамент өкілдері бұрыңғы басқарма басшысы бизнес-семинарды өткізу үшін тұрмыстық техниканы сыйақы ретінде заңсыз алған дейді.

Жалпы, жыл басынан бері департаментпен 53 қылмыс тіркелген.Тіркелген қылмыстардың ішінде парақорлық (25), жымқыру мен алаяқтық фактілері (9) басым.

Мақпал Рысбаева