Су басқан елді – мекендерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

278

 

Шымкент қаласы ТЖ департаменті едел-құтқару асағының 12 құтқарушысы және 2 техникасы Мақтаарал ауданында авариялық-құтқару ұмыстарын алғастыруда.

Құтқару бөлімшесінің басшысы Е. Оспановтың басшылығымен құтқарушылар 4 мамырда жергілікті халыққа көмек көрсету үшін Жеңіс елді мекеніне барды. Тәуліктің қараңғы уақыты келгенге дейін құтқарушылар тұрғындарды және олардың мүліктерін қауіпсіз жерге көшірді. Осылайша, Жеңіс кентінен Қаражантақ кентіне 70 адам мүлігімен эвакуацияланды. Тәуліктің қараңғы уақытына және желдің екпінді болуына байланысты эвакуация тоқтатылды.

Кешкісін Жеңіс ауылында екі адам қалып, елді мекеннен өз бетімен шыға алмайтыны, көмек сұрағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жеңіс және Қаражантақ кенттерінің арақашықтығы моторлы қайықта шамамен 3 шақырымды құрайды. Құтқарушылар командасы екпінді желдің төмендеуін күтуде,одан кейін Жеңіс кентіне 2 тұрғынды эвакуациялау үшін шығады. Бөлімше басшысы Е. Оспанов 2 тұрғын биіктікте, қауіпсіз жерде тұратынын, түнеуге арналған сенімді құрылыс бар екенін, үнемі телефон байланысы екенін хабарлады. Эвакуация таңертең басталады.

Шымкент қаласы ТЖД Мақтаарал ауданына көмек көрсету үшін жеке құрамнан 21 адам, 4 бірлік техника және 6 мотопомпа жіберді.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы