Шымкентте тағы екі адамнан коронавирус анықталды

180

 

Вирус жұқтырған азаматтар 1972, 1982 жылғы қала тұрғындары. 1982 жылғы азамат өзіне дейін вирус жұқтырған азаматпен байланыста болған. 1972 жылғы ер азамат “ТенгизШевроил” ЖШС-нің қызметкері. Науқастар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

05.05.202 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 215 адам анықталды.