Велосипед ұрлағандар құрықталды

142

Түлкібас АПБ-не Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны «Л» есімді азаматша өзінің тұрғылықты мекен жайынан белгісіз азаматтар 1 дана велосипедін, 5 дана үй есіктерін, 5 дана үй люстраларын жасырын түрде жымқырғаны бойынша арызданған.

Аталған арыз бойынша Түлкібас АПБ КПБ қызметкерлерімен шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында осы қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде Түлкібас ауданы,Т.Рысқұлов ауылының тұрғындары «В» және «А» есімді азаматтар құрықталып, айғақты зат ретінде 1 дана велосипед тәркіленіп алынды.

Қалған айғақты заттарды өздерінің жеке басына жаратқан. Аталған оқиға ҚР ҚК-нің 188 бабының 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктілердің басқа қылмысқа қатысы бары жоқтары тексерілуде.