23 маусымнан бастап Шымкентте балабақшалар жұмысын тоқтатады

238

23 маусымнан бастап Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы тоқтатылады.

«Шешім жобасы қазірдің өзінде әкімдікте бар, шешім ертең қабылданады», – деді Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев.

Егер баланы тастап кететін ешкім болмаса, ата-аналардың бірі қашықтықтан жұмыс режиміне ауысуы керек. Қабылданған шаралар тек балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған.

Балабақшалар жұмысының қайта жандануы қаладағы індеттің ауыздықталуына байланысты болады. Санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек: маска киіп, қолыңызды антисептикпен өңдеңіз және әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз.

22 маусымдағы мәліметтерге сәйкес Шымкент қаласында коронавируспен ауыратын 1296 науқас тіркелген, ауру белгісі жоқ науқастар саны өсуде, пневмониямен ауыратындар саны өткен жылмен салыстырғанда 7,2 есе өсті.