Мақтааралдағы іздестіру жұмыстары жалғасуда

187

 

Өзбекстан Республикасы Ұлттық ұланының 1992 жылы туған әскери қызметкерін іздестіру жұмыстары 2020 жылдың 20 маусымынан бастап жүргізілуде. Іздестіру жұмыстары Мақтарал ауданында Жеңіс, Жаңатұрмыс елді мекендерінің жанындағы каналдар маңында жүргізілді, 22-24 маусым аралығында 58 км қарап шықты.

Іздестіру жұмыстары басталғалы бері кинологтармен бірге жалпы 120 км жүріп өтті.
Іздестіру жұмыстары Жетісай ауданында жалғасуда. 27 маусымнан бастап Атаконыс елді мекенінен Атамекен ауылдық округінің Қоғалы елді мекеніне дейін моторлы қайықпен құтқарушылар Орталық аштық-дала арнасынан іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Құтқарушылар 48 км қарап шықты. Нәтиже жоқ.

Су астында 400 м қарап шықты. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Іздестіру жұмыстарына Шымкент қ.ТЖД Жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы, 2 кинологиялық есебі, Шекара қызметінің 1 қызметкері, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы жұмылдырылды. Іздестіру жер үсті, су үсті және су асты тәсілдерімен жүргізілуде.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы