Өткен тәулікте ауру симптомы жоқ 1096 коронавирус тасымалдаушы анықталды

146
inform.kz

2020 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус індетінің белгілері жоқ әрі жалпы статистикаға қосылмаған 1096 тасымалдаушы тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Олар: Нұр-Сұлтан қаласында – 1197 (+53), Алматы қаласында – 1311 (+37), Шымкент қаласында – 1083 (+56), Ақмола облысында – 333 (+31), Ақтөбе облысында – 89 (+44), Алматы облысында – 802 (+81), Атырау облысында – 1521 (+335), Шығыс Қазақстан облысында – 377 (+61), Жамбыл облысында – 384 (+40), Батыс Қазақстан облысында – 762 (+57), Қарағанды облысында – 1628 (+102), Қостанай облысында – 260 (+17), Қызылорда облысында – 312 (+24), Маңғыстау облысында – 335 (+35), Павлодар облысында – 151 (+15), Солтүстік Қазақстан облысында – 354 (+58), Түркістан облысында – 522 (+50) адам. Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда – 11721 адам.