Сарыағаштық полицейлер эвакуатормен 1000-ға жуық көлікті айыптұраққа қойған

143

 

Елімізде автокөліктердің саны күн санап артып келеді. Соның салдарынан жолда жүру ережелерін бұзатындар немесе арнайы жол белгілеріне назар аудармайтындар қатары да көптеп кездеседі. Осындай олқылықтың алдын алу мақсатында полицейлер қызмет атқаруда.

Эвакуаторды тізгіндеген тәртіп сақшылары қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Жол-патрульдік полицейлері эвакуаторда күндіз-түні жұмыс істейді. Олар қаланы аралап, ереже бұзған көліктерді арнайы құрылғы арқылы эвакуаторға тиеп, айыптұраққа жеткізеді. Жалпы, осы тұста Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ ППТ-ның қызмет аға инспекторы полиция подполковнигі Бекболат Джигитов, полиция лейтенанттары Ерлан Қазыбеков, Нұрсейіт Тұрмановтардың арнайы Камаз Эвакуатор автокөлігімен қарқынды түрде, күнделікті жұмыс жүргізіп жатқанын айтуға болады. Соның нәтижесінде қазіргі таңда ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабымен «Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу» 972 хаттама толтырылып, айыппұлдар салынып, автокөліктер айыптұраққа қойылған. Осылайша тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алу мақсатында жұмыс атқаруда.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері тоқтауға және аялдамаға, жолдың жүріс бөлігіне көлік қоюға болмайтындығын ескертеді. Заңға бағынбай, өзіңізге ыңғайлы жерге көлігіңізді қойып кетуге мүлдем болмайды. Тәртіпке бағынып, тек белгіленген жерлерге темір тұлпарыңызды қоюға дағдыланыңыз деп кеңес береді. Өзгелерге кедергі келтірмеуге шақырады.

Полиция.кз