Шымкент сырасы шетелге экспортталуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент сыра» зауытында болып, кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Жылына мұнда 2 миллион гига литрге жуық өнім өндіріледі. Сыра зауыты бүгінде 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бизнес өкілдері жақын күндері квас — алкогольсіз өнімін шығаруды жоспарлап отыр.
Отандық өнім Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайға да жөнелтіледі. Зауытты аралау кезінде қала басшысы тиісті басқарма басшысына мемлекеттік бағдарламалар аясында инвестиция тарту жолдарын қарастыруды тапсырды.
Мақпал Рысбаева