Шымкентте биыл 1000-нан астам отбасы қоныс тойын тойлайды

226

 

Шымкентте 39 259 азамат тұрғын үйге мұқтаж. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиналыста Тұрғын үй және тұрғы нүй инспекция басқармасының басшысы Ғ.Төлепов айтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қуанышты жаңалық. Жыл соңында 450 көпбалалы отбасы, 394 әлеуметтік жағынан осал топтағы азамат, 300 жас баспаналы болады.

Айтып өтейік, ағымдағы жылы «2-10-20» бағдарламасы бойынша 1047 аз қамтылған отбасы электронды түрде несие арқылы пәтер алуға өтінім берген. Қазіргі таңда құжаттарды тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ал «7-20-25» бағыты бойынша 219 азамат, «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» арқылы 73 азамат баспаналы болған.

Жыл соңына дейін «2-10-20», «7-20-25» бағдарламасымен бастапқы жарнаның бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде жергілікті бюджеттен ақша қаралып, сертификаттар беру жоспарланған.

Жалпы Шымкентте кезекте тұрғандар: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар – 1631, көпбалалы – 5188, әлеуметтік жағынан әлсіз топ – 12829, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері – 19585, жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған – 26.