Пневмония дерті Шымкентте күннен-күнге өршіп барады. Салдарынан бір айға жетпей індеттен қаланың 24 тұрғыны қайтыс болған. Бұл туралы бүгін қаланың бас дәрігері мәлімедеді.
Рустам Албаевтың айтуынша, тұрғындарға барынша сақтық шарасын сақтау қажет. Және демалыс орындарына барып, шомылуды әзірге тоқтата тұрған жөн. Себебі, адамдардың себепсіз көшеге шығуынан вирус дендеп кеткен. Ал, коронавирус жұқтырғандардың саны қалада 2700-ден асқан. Олардың 45 пайызы қатерлі індетті симптомсыз түрде өткізуде.
Назерке Үкібасова