Түркістан облысында 200 бітіруші ҰБТ кезінде түрлі құйтырқылықтарға бармақ болған. Талапкерді тексеру кезінде емтиханға тыйым салынған заттар табылған.

Бұл туралы бүгін тестілеу барысын талқылауға арналған брифингте айылды. Сондай-ақ, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында ҰБТ кезінде 10 минутқа бейне-трансляция үзілген.

Ал Түлкібастағы мемлекеттік комиссия құрамына енген білім бөлімінің бас маманы мен мемлекеттік комиссия төрағасының ауырып қалуына байланысты мелекеттік комиссия төрағасы міндеті білім бөлімінің бас маманына жүктелген.

Алайда, аталған мемлекеттік қызметкерлер оқушыларға көмек беріп жатқанын ҰҚК қызметкерлері бейнежазбаға түсіріп алған. Жасалған заңбұзушылық бойынша Ішкі істер органдарының тергеу тобы шақырылып, тиісті шаралар жүргізілуде.

Мақпал Рысбаева