Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонға тосқауыл қойылды

198

Түркістан облысы полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды

Мақтарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Атакент а. жеке үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтап, жойды. Жедел уәкілдер анықталған притоннан ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті үш қызды анықтады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жоғарыда аталған притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырған деген күдікпен Мақтарал ауданының тұрғынын ұстады.

Бұл жайт ҚР ҚК 309-бабы «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бойынша СДТТБТ-да тіркелді.

Тәртіп сақшылары ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке алды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Істің толық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделгенін еске салады.