Түркістан облысы полицейлері тұрғынның атынан артығымен несие шығарып, алаяқтық жасаған қызметкерді анықтады
Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйел өз арызында банктердің біріне 1 миллион теңге несие алуға барғанын, банк келісімін беріп, қызметкер аталған несиені шығарып бергенін айтады. Алайда арадан 1 жылға жуық уақыт өткенде тұрғын, банк қызметкері сол кезде заңсыз әрекет жасап, мұның атынан 1,5 миллион несие шығарып, 500 000 теңгесін алаяқтық жолмен жымқырғанын біледі. Содан полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт Түлкібас АПБ-мен ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасады. Нәтижесінде полицейлер, күдікті ағымдағы жылдың басында осындай алаяқтық жасап ұсталып, жәбірленушілердің кешірім беруімен ісі қысқартылған азамат екенін анықтады. Ол Түлкібас АПБ-не жеткізілді. Кінәсін толық мойындап отыр. Бас шарасы «қолхатта».
Тергеу барысында күдікті қазіргі таңда банкте жұмыс жасамайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің тағы осындай алаяқтықтың жайттарына қатыстылығын анықтап, тексеру жұмыстары жүргізуде.
Түркістан облысы полицейлері осы тарапта қылмыстың алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Өз кезегінде тұрғындарға кез-келген құжатқа қол қоймас алдын жақсылап қарап, мұқият зерттеп барып әрекет жасауға кеңес береді.