92 жастағы қария пневмонияны жеңді

264

Қария пневмонияны жеңді. Қазығұрттық 92 жастағы Моншақ апа осыдан 1 апта бұрын аудандық ауруханаға екі жақты пневмония диагнозымен түскен.

Иммундық жүйесі мықты кейуана бүгінде қауіпті инфекциядан құлан таза айыққан. Дін аман шаңырағына оралған әжей ақ халаттыларға алғысын жаудырды.

Мақпал РЫСБАЕВА