Биыл 53 мыңнан астам грант бөлінді

207

Биыл елімізде 53 мыңнан астам грант бөлінді. Гранттардың дені педагогика, ІТ, инженерлік мамандықтарына қаралып отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі өкілдері мәлімдеді.

Елдегі эпидемиологиялық ақуалға байланысты білім гранттарына өтініш қабылдау мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылып отыр. Құжаттарды 2 жолмен – eGov және ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы тапсыруға болады. Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.

Әділет Тойбаев, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры: «Жыл сайын осы үш салаға білім гранттары көптеп бөлінеді. Себебі, осы мамандықтарға бізде сұраныс көп. Жыл сайын қажеттілік ескеріліп отырады».

Мақпал Рысбаева