«Дәрі бағасын қымбаттатқан дәріханалар жабылады»

208

Енді, дәрі бағасын құбылтқан пысықайлар жазасыз қалмайды. Бұл туралы еліміздің сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі мәлімдеді.

Сөздерінше, соңғы уақытта дәрі құнына көңілі толмайтын арызданушылар көбейген. Осы күнге дейін еліміз бойынша 135 арыз түсіпті. Осыны ескерген жауаптылар енді заңға пысқырмайтын пысықайларды жазаламақ.

Егер жеке тұлғаның дәріні қымбаттатып сатқаны анықталса, 200 мың теңге, дәріхананың заңды аттағаны анықталса, 1000 айлық есептік көрсеткіште айыппұл төлейді. Алғашқы жаза дәріханаға сабақ болмаған күнде ұйым лицензиясынан айрылады.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы: «Дәрі кз» қосымшасын ашып қараған кезде кез-келген дәрінің атын енгізсеңіз, сол дәрінің мөлшеріне байланысты қандай шектік баға қойылғанын білуге болады. Егер сіз дәріханаға келіп, сол «дәрі кз» қосымшасын ашып, скрин арқылы штрих кодты оқытсаңыз сол тауып, шектік бағасын көрсетеді».

Назерке Үкібасова