Елімізге қымызымен танымал болған Қоғалы ауылдық округі, Диханкөл ауылының тұрғындары бүгінде ауруханада ем алушы азаматтарға көмек қолын созып, 1000 литрге жуық қымыз таратуда.

Бұл көмек тек қана Төлеби ауданымен шектеліп қалмайды. Осы ретте Төлеби аудандық ауруханасына 50 литр, Сайрам аудандық ауруханасына 60 литр, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына 100 литр, облыстық балалар ауруханасына 50 литр, қалалық балалар ауруханасына 50 литр, Шымкент провизорлық орталығына 100 литр және тұрғындарға 50 литр қымыз таратылды. Ауыл азаматтары ертең тағы 500 литрге жуық қымыз үлестіруді жоспарлап отыр.