Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кесте бойынша сағат 9.00 — ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшін кезек уақытын алдын ала брондау қажет. Осы бағытта азаматтардың денсаулығын сақтау үшін порталда электрондық өтініш беру арқылы «қағаз» жүзінде көрсетілетін кейбір қызметтер бойынша өтінішті eGov порталындағы «Электронды өтініш» сервисі арқылы қашықтан беру мүмкіндігін қарастырды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.
Айтуларынша, енді «Электронды өтініштер» сервисі арқылы электрондық форматта қолжетімсіз әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 24 қызметке өтініш беруге болады: жасына байланысты зейнетақы тағайындау, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау және т.б. Ол үшін бірінші кезекте электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы маңызды және egov.kz порталына тіркелу қажет.
«Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруі керек. Одан кейін жеке ақпаратты, оның ішінде пошта мекенжайын, телефонды, құжаттардың сканерленген көшірмелері, қызмет атауын және т.б. толтыруы тиіс. Сондай-ақ, қызмет алушының тіркелген жері бойынша аймақтық мемлекеттік орган таңдалуы тиіс. Мысалы, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайлары үшін әлеуметтік төлемдер қызмет үшін «Азаматтарға арналған үкіметтің» аймақтық филиалын, ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша аумақтық бөлімшелері көрсетілуі керек. Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қою қажет. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне келіп түседі. Egov.kz орталындағы «Электронды өтініш» арқылы өтініш қабылданатын қызметтер», — дейді Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Мөлдір Бекеева