Карантин ережесін бұзғандарға … 50 пайыздық жеңілдік бар

180

Түркістан облысында карантин ережелерін елемегендер саны азаймай тұр. Үстіміздегі жылдың 5-шілдесі мен 28-шілде аралығында 529 әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылған. Оның 497-сі жеке тұлға болса, 30 жеке кәсіпкер, 1 заңды және лауазымды тұлға бар.

Айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін 30 айлық есептік көрсеткіш. Ал, кәсіпкерлер мен заңды және лауазымды тұлғалар үшін 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Жалпы алғанда 61 млн. теңгеден астам айыппұл саныған.

Алайда, ережені бұзғандар 15 күннің ішінде салынған айыппұлды өтесе 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Қойылған талапқа бағынбаған лауазымды тұлға қоғамдық көліктерде жолаушыларға және жүргізушілерге бетпердесіз жүруіне рұқсат берген.

Алдарқұл Ахметов, Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Автобусты залалсыздандыру шараларын жасамағандар да баршылық. Сайрам,Ордабасы, Төле би аудандары карантин ережелерін сақтайындардың көшін бастап тұр».

Ғалымжан Кенжебек