Мас халде көлік басқарғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды

135

Түркістан облысының тұрғыны мас халде көлік басқарғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Ағымдағы жылдың наурыз айында жүргізуші куәлігінен айырылған Сайрам ауданының тұрғыны мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған. Сонымен, мас жүргізуші өзінің «Ваз» автокөлігімен Шымкент қаласына қарай келе жатып, өзінің алдындағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікке соқтығысқан. Екі автокөлікке де материалдық шығын келтірілген.

Медициналық куәландыруға сәйкес ер адам «орташа дәрежелі алкогольдік мас күйде» болған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі «көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын басқаруға жіберу» бойынша тіркелді. Кінәлі жүргізуші жасаған әрекетін толық мойындады. Сайрам АПБ-нің қызметкерлері сотқа дейінгі жинақталған тергеу материалдарын тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жіберді. Нәтижесінде сот шешімімен ҚР ҚК 346-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін сотталушы, 4 жылға бас бостандығынан және өмір бойы автокөлікті басқару құқығынан айырылды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Осы бағытта қылмыстың алдын алу жұмыстарын атқаруда.

Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесінорындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын есте шығармағаны жөн.