«Металлург» стадионы келер жылы пайдалануға беріледі

140

 

Шымкенттегі «Металлург» стадионының құрылысына карантин шектеулері кері әсер ете қоймады. Нысандағы құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталуы тиіс. Бұл туралы Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов мәлімдеді.

Дегенмен, қазіргі жұмыссыз режим спортшыларға оңайға соғып жатқан жоқ. Спорт залдар жабық болғандықтан, жеңіл атлеттер, боксшылар, гимнастшылар таза ауада жаттығуға мәжбүр. Онымен қоса, саладағы 2 мыңға жуық қызметкер қашықтықтан жұмыс істеп жатыр. 200-ден астам адам еңбек демалысына жіберілсе, 40-қа жуық қызметкер ақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болған.

Олег ПОЧИВАЛОВ, Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы: «Ерекше режимге байланысты қалада 139 жарыс кейінге қалдырылды. Дегенмен, кей іс-шараларды онлайн өткізуге тура келді. Сәуір айында қалада шахматтан турнирді, тоғызқұмалақтан қала біріншілігін, сонымен қатар каратэден жарыстарды қашықтықтан ұйымдастырдық».

Мақпал РЫСБАЕВА