Қазіргі уақытта әлемнің барлық елдері, оның ішінде Қазақстанда экономикалық және қаржылық дағдарысқа ұшыраған. Осыған орай, әлемді жаулаған дағдарыс неше жылдан бері құрылған бизнес субъектілерін қаржылық тапшылыққа әкеп соғуда. Аталған субъетктер өз бизнесін сақтау мақсатында жан-жақты амал іздестіруде, мәселен кредит алу жолдарын немесе кредит төлеуді кейінге қалдыру жолдарын қарастыруда.
Алайда, кейбір салықтөлеушілер төлем қабілетсіздігін қалпына келтіру мақсатында оңалту рәсімін қолдануға болатындығын білмейді.
Осыған орай, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық төлем қабілетсіздікке ұшыраған кәсіпорындарды, ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына сәйкес оңалту рәсімін қолдануға шақырамыз. Осыған орай, бүгінде түсіндірме шаралары жүргізілуде.
Оңалту рәсімі – бұл сот тәртібімен қолданылатын рәсiм, оның шеңберiнде борышкерге оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған шаралар қолданылады.
Сот шешімімен бекітілген оңалту рәсімі — рәсімдердін арасында ерекше орын алуда. Бұл бірінші кезекте рәсімнің өзінің ерекшеліктерінен, оның мақсаттары мен салдарынан туындайды. Бейнелі сипаттама берсек, оңалту рәсімі кәсіпорындардың дағдарысты жеңудің соңғы мүмкіндігі деп айтсақта болады.
Қарызы шамалы аз, ең бастапқы сатыда, қаржылық дәрменсіздік әлі қайтымсыз болған кезде оңалту рәсімі жеткілікті тиімді болады. Ол кәсіпорынға бизнесті оңалтуға, өндірісті реформалауға және қайта құрылымдауға қосымша мүмкіндіктер береды.
Оңалту рәсімінің қолдану ерекшелігі, ол енгізілген сәттен бастап берешектің барлық түрлері бойынша, оның ішінде банктік қарыздар мен салықтар бойынша тұрақсыздық сомасының (өсімпұл, айыппұл) есептелуі тоқтатылады. Яғни, кәсіпорынның барлық қарызы бекітілген жоспарға сәйкес кәсіпорын үшін де, кредиторлардың өздері үшін де қолайлы кесте бойынша рәсім шеңберінде өтелетін болады.
Осыған орай, құрметті кәсіпкерлер бүгін сіздің кәсіпорныңызда кредиторлық берешекті төлеу бойынша күрделі жағдай орын алса, сіз оңалту рәсімін қолдана отырып өзіңіздін төлемқабілетіңізді қалпына келтіре аласыз.
Аталған рәсім бойынша сұрақтар туындаған жағдайда толық ақпарат алу үшін Департаментқа хабарласа аласыз.