Қаратауда 5 тұрғын алабы сапалы ауыз сумен қамтылады

104

Қаратау ауданында жыл соңына дейін 5 тұрғын алабы сапалы ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.

Айтуынша, қазір «Достық», «Азат», «Тұран» шағынаудандары мен «Сайрам», «Тассай» тұрғын алаптарында құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Карантин шектеулеріне қарамастан құрылыс өндірістік кестеге сай атқарылуда.

Желтоқсанға дейін жүйелер іске қосылып, жергілікті халық таза суға қол жетікізеді.

Мақпал РЫСБАЕВА