Тау-тасты аралап, сайран құрғандар әшкереленді

226

Тау-тасты аралап, сайран құрғандар әшкереленді. Төлеби ауданындағы демалыс аймақтарында карантин талаптарын бұзғандар әкімшілік жазаға тартылды.

Ауданда құрылған мобильді топтар сақтық шаралары бойынша халықпен кездесіп, түсiндiру шараларын қолға алған. Алатау ауылдық округі аумағындағы демалыс орындарына арнайы барған топ мүшелері «Тау самалындағы» демалушыларды үйлеріне қайтарды.

Сондай-ақ, карантин талаптарын бұзғаны үшін 7 жеке тұлғаны айыппұлға тартты. Демалыс аймағы қожайындарына қатысты да хаттама толтырылды.

Мақпал Рысбаева