Той тойламақ болған…

144

 

Той тойламақ болған. Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық полицейлері карантин кезінде қонақ шақырып, тойға дайындалып жатқан тұрғындарды тоқтатты

Манкент ауылындағы жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде 50-ден астам азаматты жинап, келін түсіру тойын өткізгелі жатқан. Мобильдік топ тез арада жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізген.

Ауданда осыған ұқсас тағы екі жайт тіркелді. Оның бірінде жергілікті тұрғын өз үйіне 20-дан астам адам жинап, келін түсірген. Ал келесі тұрғын 15-тен астам адам жинап, қыз ұзату тойын өткізген.

Айта кетеік, ауданда құрылған мобильдік топтар карантин талаптарын бұзуға қатысты 80 жайтты анықтаған. Карантин ережелерін ескермеген тұрғындарды санитар дәрігерлер жауапқа тартатын болады.

Мақпал Рысбаева