Түркістан облысына өткен аптада 2 тонна дәрі жеткізілген. Осыған қарамастан өңірде емдік құрал тапшылығы жойылған жоқ.
Өңір әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың айтуынша қажеттілікті өтеу үшін Түркиядан тағы дәрі жеткізілмек. Преппараттар шалғай ауылдар мен жекеменшік дәріханаларға тапсырылады.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыс бойынша 153 дәріхана бар. Осылай деп ағымдағы аптаны қорытындылаған өңір жауаптылары пандемия құрбаны болған ақ халаттыларды да айтып өтті. Еске салайық, өңір бойынша вирус кесірінен 7 медицина қызметкері қайтыс болған еді.
Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: «Бұл мәселе қарастырылып жатыр. Өйткені бюджеттік процесс бар. Бізде комиссия бар. Мәслихатымыз бар. Сол мәслихат шешкен кезде сізге жариялатамыз. Бірақ, берілетінін әкім нақты айтты».
Назерке Үкібасова