Жыл басынан бері 387 мас халде көлік басқарған жүргізушілер ұсталды

148

Түркістан облысы полицейлері жыл басынан бері 387 мас халде көлік басқарған жүргізушілерді анықтады

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау, қылмыстың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп отырады. Оның ішінде масаң күйде көлік басқару жайтын болдырмауды қатаң бақылауға алған. Осы тұста Келес АПБ Жергілікті полиция қызметінің Патрульдік полиция тобы қызмет инспекторлары мен Әкімшілік практика тобының инспекторлары бірлесіп атқарған жұмыстары нәтижесінде маусым айында мас халде көлік басқарудың 4 дерегі анықталғанын хабарлаймыз. Мәселен, аталмыш полиция қызметкерлері күнделікті көшелерді парульдеу кезінде Жібек жолы-Жетісай тас жолы бойында өзінің «Ауди-100» маркалы көлігімен қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігіне соқтығысып, материалдық шығын келтірген жүргізушіні анықтады. Тексеру барысында жол-апаты жеңіл көлік жүргізушісінің ЖҚЕ бұзуы мен мас халде көлік басқаруы салдарынан орын алғаны белгілі болды. Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Жинақталған іс құжаттары сотқа жолданды.

Қалған 3 жайт болса ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» 1-бөлігімен тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Яғни бұл заңнамаға сәйкес көлік жүргізушілері 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып және 15 тәулікке қамауға алынған. Осылайша өңірдің тәртіп сақшылары жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтап қана қоймай, түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізуде.

Ескерте кетсек, ағымдағы жылдың басынан бері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас халде көлік жүргізген жүргізушілерге байланысты талаптарды қатаңдатты. Сондықтан көлік басқарғанда жол ережесін сақтаңыздар. Ең бастысы ішімдік ішіп, көлік тізгіндемеңіздер.