Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны сеніп тапсырылған мүлікті ысырап етіп алып кету жайты туралы арызданды.
Арыз бойынша оның танысы базардағы алтын павильонынан алтын және бриллиант бұйымдарын алып кетіп, нәтижесінде 90 000 000 млн. теңге мүліктік шығын келтірген.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс-тіркелді.
Күдікті алтынның бір бөлігін базар жанындағы ломбардқа кепілдікке тастағаны анықталды. Ал қалған алтын бұйымдар 1982 ж.т күдікті азаматшадан тәркіленіп алынды.
Осы аталған қылмыс бойынша Түркістан облысының тұрғыны ұсталып, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының тергеу бөліміне жеткізілді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.