Еліміздегі көшбасшы «Нұр Отан» партиясының қатары бүгін 40 белсенді азаматпен толықты.

Шымкент қаласының «Ауған және жергілікті соғыс ардагерлер одағының» «Ұлағат» бастауыш партия ұйымы жиынында оларға партиялық билет табыс етіліп, құрмет көрсетілді. Одақтың құрамындағы 600 ардагердің өмірлік жолдары, отансүйгіштігі үлгі тұтарлық. Отан алдындағы борышын абыроймен өтеген ардагер ағаларымыздың қатарында Шәріпбек Бибеков те бүгін «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдап, мүшесі болды.

Шәріпбек Бибеков, «Нұр Отан» партиясының мүшесі: «Бүгін міне, партиялық билет табыстады. Бауыржан атамыз айтқандай «Тәртіпке  бас иген, құл болмайды». Партияның саясатын, президенттің жолдауын қолдаймыз. Елімізде тыныштық. халықымыз аман, жастарымыз өнегелі болсын. Қазақ жасасын».

Шынар Оразова