Карантин режимін бұзып, жұмысын тоқтатпаған сауна анықталды

234

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері мен мобильді топ өкілдері 29 шілде күні Абай ауданы аумағында жүргізген рейдтік іс-шара барысында карантин талаптарын елемеген нысандарды анықтады.

Атап айтсақ Шымкент қаласы 1 Мамыр көшесі бойында орналасқан «Опушка» саунасын кешкі уақытта карантин режимін бұзып, жұмыс істеп жатқаны анықталды. Оғиға орнында санитарлық талаптар өреске бұзылған.

Сауна әкімшісінен түсініктеме алынып, аталған жайтқа байланысты Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

 

Мақпал Рысбаева