Кәсіпкерлер айыппұлмен келіспейді

324

Шымкент қаласының бірнеше кәсіпкері құзырлы органдар жүргізген тексеру нәтижесімен келіспейді. Айтуларынша, карантин режимі кезінде құпия сатып алушылар дәріханалардан дәрі-дәрмектер сатып алып, соңынан кәсіпкерлерге әкімшілік айыппұл салынған. «Егер өрескел қателік болса, неге алдымен ескерту бермейді?» деген кәсіпкерлер олардың әрекетін заңсыз дейді.

Дәурен БАХАШЕВ, «Қыран KZ» ЖШС заңгері: «Мен келіспеймін деп жазып бердім. Себебі 9 күн өткен соң хаттама толтырып отыр. Ол аралықта мен хабарсызбын. Екінші жағдайда азаматтық киімде келіп бірнеше дәрі алады. Алайда екі дәрі бағасын қосып бір «Ацикловир-Акос» жазған. 4 хаттама толтырып 1,5 млн жуық».

Жығылғанға жұдырық болып тиді деп ашынған бизнес өкілдерінің бұл сөзін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің маманы жоққа шығарып отыр. Сөзіне сенсек, хаттама толтыру кезінде заңнан аттамадық дейді. Ал тиісті құжат кешігіп толтырылғанын жоққа шығармады.

Алмагүл Кенжеханова, Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің өкілі: «Қыран.кз»-ке 350 тг саттың деген жоқпыз. Ол жерде директордың міндетін атқарушы Нейла ханым келген кезде түсініктемеде 220 тг сатқанын көрсетіп кеткен болатын. Бекітілген бағасы 189 тг 75 тиын бола тұра 220 тг сатқанын растап кетті. Сол себептен шара көрілген болатын».

Ал денсаулық сақтау министрлігінің №42 бұйрығында дәрілік заттардың бағасын реттеу белгіленген. Құжатқа сәйкес дәрілік заттарға үстеме баға қоюға болады. Алайда, дәл осы ведомство енгізген 104-ші бұйрықта белгілі препараттарға нөлдік үстеме енгізілген. Фармацевттердің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі шығарған қос құжат бір-біріне қарама қайшы.

Хадиша Әлжанова, Шымкент қалалық Фармацевтика қауымдастығының төрайымы
«42 бұйрық бойынша надбавка қоссақ, надбавка 55 процент қосуға болады деген шкала бар. Дәл солай жұмыс жасасақ 104 бұйрық бойынша біздер заң бұзушылыққа кетеміз. Ал алып сол бағада сататын болсақ, кәсіпкер ешқандай табыс таппайды. Үшінші жолы бар бұндай дәрілерді мүлдем алмау».

Онлайн өткен жиында көтерілген мәселеге соңғы нүкте қойылмады. Кәсіпкерлер енді бұл жанайайқын республикалық деңгейде көтереміз деп бекініп отыр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екені сол кезде анықталмақ.

Ғалымжан Кенжебек