«Каспи голдпен» пара алған шенеунік айыппұлға тартылды

230

«Каспий голдпен» пара алған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты. 500 мың теңге пара алған шымкенттік шенеунік енді 15 млн теңге айыппұл төлейтін болды.   Айыппұлды төлеуге оған екі ай уақыт берілді. Қылмыстық іс Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында прокурордың, адвокаттың және сотталушының қатысуымен онлайн қаралған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бұрынғы бөлім басшысы пара берушінің пайдасына жасаған іс-әрекеттері үшін жарты миллион теңгені пара ретінде алған.  Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа жеткен. Ауыр санаттағы қылмыс жасаған сотталушы өтініш білдіріп прокурормен процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдіріпті. Сот отырысының барысында сотталушы қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерге дауласпай, кінәсін мойындаған.
Мақпал Рысбаева