Коронавирус жұқтырған мұғалімдерге үмтемақы төленеді ме?

167

1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныпта білім алатын 530 мың бала кезекші сыныпта оқитын болды. Дәстүрлі дәріс беретін мұғалімнен коронавирус анықталса, онда мектеп жабылуы мүмкін. Еліміздің бас санитар дәрігері осылай деді.

Егер сыныпта бір оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталатын болса, мамандар эпидемиологиялық тексеріс жүргізеді. Сол сыныптың оқушылары, сабақ беретін мұғалімдер және инкубациялық кезеңде тығыз қарым-қатынаста болғандар оқшауланады.

Кезекші сыныптардың өз талабы бар. Мұндай форматтағы жұмыс процесіне жүкті мұғалімдер, созылмалы аурулары бар жасы 65-тен асқан ұстаздар жіберілмейді. Инфекция жұқтырып алмас үшін дене қызуын қадағалап, барлық санитарлық талаптарды сақтау қажет. Ал коронавирус жұқтырған мұғалімге үстемеақы төлене ме деген сауалға «жоқ» деп қысқа қайырды.

Асхат Аймағамбетов диплом жасауды бизнеске айналдырған оқу орындарына қатысты да мәлімдеме жасады. «Бірнеше университет жабылды. Қазір індетке байланысты тексеріс жүргізу мәселесінде қиындықтар бар», – деді министр.

Сонымен қатар ол мысал ретінде Шымкенттегі Өңірлік университетке қатысты мәселеге тоқталды. «Сол университеттің өзінде 35 мың бала болды. Сол 35 мың бала оқитын университетті жаптық. Онда көбіне сабақ өткізілмеген, тиісті деңгейі жоқ. Осындай мүшкіл жағдайда болды. Мұнан өзге де бірнеше университетті жапқан едік. Қазірдің өзінде сотта біздің біраз құжаттарымыз жатыр. Өйткені, бұл жұмысты заңнама негізінде іске асыруымыз қажет. Жұмыс ары жалғасады, тапсырманы орындау үстіндеміз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Мақпал Рысбаева