Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

827

 

«Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей»
Б.Момышұлы

Отан тірегі Қарулы Күштер екені бел¬гілі. Оның дамуына, қалыптасуына тек әск嬬ри¬лер ғана емес, Ата Заңда атап көрсетілгендей, тәуелсіз елдің әрбір азаматы да жауапты. Отанымыздың тәуелесіздігін қорғау, егемендіктің сенімді сақшысы болу «мен қазақпын, мен қазақстандықпын» деген әр азаматтың сана-сезімі мен адалдығына сын.

Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығы және Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметішлердің мәртебесі» туралы заңына сәйкес, әскерге жарамды 18-27 жас аралығындағы сотталмаған кез келген Қазақстан азаматы мерзімді әскери қызметті (12 ай мерзімге) өткеруге міндетті болып табылады.

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылуда.
Елде енгізілген төтенше жағдай кезеңінде карантиндік шараларға байланысты көктемгі әскерге шақыру мамыр-шілде айларына атқарылған болатын. Биылғы жылы 31 шілдеде көктемгі шақыру ресми түрде аяқталды. Саптағы сарбаз қашан да, қандай жағдайға да дайын болу керек. Бұл – әскерилердің бұлжымас қағидасы. Мақсат – айқын, бағдар – нық. Биылғы жоспар да орындалып, жүйелі жұмыс оң бағасын алды. Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті осы мәселені басты орынға қойып, көктемгі шақыру қорытындыланды.

«Күзгі науқан» қазіргі таңда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу мерзімі ағымдағы жылдың 1 қыркүйектен бастап желтоқсан айының соңына дейін күзгі әскерге шақыру жүргізіледі, жоспарлы жұмыс өз нәтижесін берері анық. Азаматтарды мерзімді қызметке шақыру жөніндегі барлық іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз етудің барлық түрлері жергілікті әкімдіктерге жүктелген. Олар әскерге шақырылушыларды да, медициналық комиссия мүшелерін де медициналық маскалармен және антибактериялық құралдармен қамтамасыз етілген. Ал, Қорғаныс министрлігі жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлерін қорғау және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуде. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, басқармалар жеке құрамының әскерге шақырылушыларды хабардар ету және медициналық куәландыру тәртібі бойынша іс-қимыл алгоритмі, сондай-ақ жиын пункттерінде қажетті санитарлық жағдайларды қамтамасыз ету жоспары әзірленген. Әскерге шақырылушылардың суық тию ауруларына тән симптомдары анықталған кездегі іс-әрекеттер бойынша алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Бұдан әрі әскерге шақырылушылар қашықтықты сақтай отырып, медициналық куәландырудан өтуге жіберіледі. Біздің қызметкерлермен осы талаптарды сақталуын дәрігерлерге кезектің толып қалмауын бақылайды. Шақыру және жинау пункттерінің барлық қызметтік және қосалқы үй-жайларында, шешінетін орындарды, асханаларды және түнгі демалуға арналған орындарды қоса алғанда, жұмыс күні ішінде кемінде екі рет дезинфекция жүргізіледі.

Шақыру кезінде жинақтау пунктерінде ПТР-тестілеуді (немесе полимеразды тізбекті реакция) жүргізуге жергілікті әкімдіктердің қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне қарай қалалық Денсаулық сақтау басқармаларының қамтамасыз ету жоспары бойынша , ПТР-зерттеу жүргізу жоспарлануда.

Шақыру кезеңінде медициналық тексеру және жас толықтыруды әлеуметтік-психологиялық зерттеу, зерделеу, анықтау, әңгімелесу, құжаттар дайындау жұмыстары жоспарлы жүргізіледі. Жеке құрамның және шақырылушы азаматтардың санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтауына бақылау күшейтілген. Отан қорғауға аттанатын бозбалалар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі.

Күзгі әскерге шақыру науқанын сапалы, әрі уақтылы орындау мақсатында комиссия әр шақырылушыны жеке-жеке қарастырып, алған білімін, мамандығын ескереді, отбасы жағдайын сараптайды, денсаулығының жарамдылығын басты назарға ала отырып, оны әскер қатарына қабылдау-қабылдамау туралы шешім қабылдайды. Жасақтау экстерриториалды принципке сәйкес жүзеге асырылады, яғни шақырылушы өзге облысқа аттандырылады.

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті күзгі әскерге шақыру науқаны барысында 700-ден астам жас азаматтар мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарлануда.

Әскери қызметке шақыруға жасы 18-ден 27-ге дейінгі, денсаулық жағдайы бойынша жарамды, сотталғандығы және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар жатады.

Әскерге шақырылушының білім деңгейі, мамандығының болуы және моральдық-психологиялық ерекшеліктері Қарулы Күштердің түрлері мен тектері бойынша, сондай-ақ басқа да әскери құралымдар бойынша бөлуге әсер етеді. Мысалы, десантшылар үшін әскерге шақырылушының физикалық деректері, сондай-ақ бойы 170 см-ден төмен емес. Спортшыларға артықшылық беріледі.
Бұл ретте әскер, ІТ-мамандықтары, жүргізушілерге, байланысшыларға, музыканттар және басқа да көптеген мамандар қажет.

Көптеген азаматтар армияда қызмет етпеу үшін, одан жалтару үшін әртүрлі жолын іздеген уақыт болған. Алайда қазір жағдай түбегейлі өзгерді деп айтсақ болады жалпы армияға баруға тырысады. Олардың арасында жоғары білімділерде көп.
Қарулы Күштердің беделін арттыру және нығайту, «Жас сарбаз» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылған филиалдары арқылы жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені күшейту, жыл сайынғы «Айбын»әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу және т. б. патриоттық шарлар әсер етеді. Сондай-ақ, біз халықпен ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл ашық формат, әскерге шақырылушылар, олардың ата-аналары, журналистер, жұртшылық өкілдері кез келген ақпарат алу үшін жүгіне алады және жауап ала алады. Ата-аналармен арнайы әңгімелесулер жүргізіледі, оларға Комиссия өту, бөлу, қызмет өткеру және келісім-шарт қызметіне одан әрі түсу перспективалары туралы айтылады. Біз халыққа қызмет өткерудің маңыздылығын – адам үшін, қоғам үшін, ел үшін жеткізгіміз келеді. Мерзімді қызметтегі әрбір әскери қызметші-бұл мемлекеттің тірегі, бұл біздің қоғамымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі. Әрбір адам өз Отанын қорғау және қорғау – қасиетті ерліктің борышын орындау қажеттігін түсінуі тиіс. Бұл ретте, алған дағдылардың барлығы жастарға азаматтық өмірде қажет болады деп санаймын.
Бұл үшін ел Президенті – Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасы бойынша мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің кәсіби дағдыларды алуына қатысты Қарулы Күштерде талап етілетін мамандықтар бойынша оқыту бағдарламалары әзірленіп, енгізілетін болады.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамада мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін әскерге шақырылушылардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі көзделген.Атап айтқанда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 647-бабында шақырылушының шақыру бойынша белгіленген мерзімде дәлелді себепсіз келмегені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 13 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген.

Әкімшілік ескерту немесе медициналық куәландырудан немесе тексеруден өтуден жалтарғаны үшін 3 АЕК (8 334 теңге) мөлшерінде айыппұл салу 648-бапты көздейді.
Сонымен қатар, заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтару ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабы 1-бөлігінің негізінде бір мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сол баптың 2-бөлігіне сәйкес аталған әрекет мүлдем:
1) өзіне денсаулыққа зиян келтіру арқылы;
2) ауруды симуляциялау арқылы;

3) құжаттарды жалған жасау немесе өзге де алдау арқылы, –
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Әскерге шақырылушыларды жинау пункттерінен әскери бөлімдерге дейін жеткізу бекітілген тасымалдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Осы мақсаттар үшін қашықтықтарға байланысты әскери-көлік авиациясы, әскери бөлімдердің автомобиль көлігі, сондай-ақ жолаушылар поездары жұмылдырылған.

Әскери қызметшінің имиджі жыл сайын артып келеді деп айтуға бола ма?
әскери қызметтің беделі жыл сайын өсіп келеді. Бұл бірінші кезекте мерзімді қызметке шақыру және жоғары әскери оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде байқалады. Біз мұны, ең алдымен, келісімшарт бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшілердің кең «әлеуметтік пакетімен» байланыстырамыз.:
1) әскери қызметші, ата-анасы және жақын туыстары үшін тегін медициналық қызметтер;
2) санаторийлерде емдеу;
3)тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекет есебінен пайыздық мөлшерлемелері төмен ипотекаға қол жеткізу;
4) тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайынғы өтемақы төлеу;
5) балабақшаларға кезектен тыс орындар;
7) зейнеткерлікке ерте шығу және т. б.

Әскердегі қызмет» әлеуметтік лифт » болып табылады, күш құрылымдары мен Арнайы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жоспарлы жұмыстар.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметіне одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленіп, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген. Жеке құрамға әскери қызметшілер, қызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың ұғымдарын, сыбайлас жемқорлық көрініс пайда болған кездегі әрекет ету тәртібін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны және сыбайлас жемқорлық әрекеттерге көмектескені үшін жауапкершілікті түсіндіру жеткізілген.

Әскерге шақыру немесе мерзімді кейінге қалдыру бөлігінде барлық сұрақтар бойынша кеңес алу үшін Қорғаныс министрлігінде және Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «жедел желі» жұмыс жасайды, онда жауапты лауазымды тұлғалар азаматтарды толғандыратын барлық сұрақтарды түсіндіреді және түсініктеме береді.

Қорғаныс министрлігінің сенім телефоны:
Call-center 8 (7172) 72-15-11, 54-19-25
Шымкент қаласы ҚІД сенім телефоны:
Call-center 8 (7252)55-81-29, 54-95-88

Жергілікті тұрғындарға әлеуметтік желі бойынша (ddoshimkent) Инстаграмм аккаунты ашылған, ҚР Қарулы Күштері серверінде (ddoshimkent@mod.gov.kz) электронды жәшігіне қандай да бір қызмет көрсету бойынша сұрақтар болса жолдауға болады.
Бұл ашық формат, әскерге шақырылушылар, олардың ата-аналары, журналистер, жұртшылық өкілдері кез келген ақпарат алу үшін жүгіне алады және жауап ала алады.
Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің басшылығы тарапынана әскери қызметтің қауіпсіздігіне үлкен назар аударылады. Ұдайы негізде Әскери прокуратурамен, сондай-ақ әскери полиция органдарымен бірлесе отырып әскери ұжымда салауатты ортаны орнату үшін жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Қызмет этикасын сақтау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың басымды жағдайын көңіл бөлу.
Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қойылады. Негізгі күш жеке құрамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеруге бағытталған.

Әскер қатарына мерзімді қызмет жасауға баратын және қызмет жасап жатқан азаматтардың ата-аналарының назарына:

Әскери бөлімнің әр бөлмесінде бейне бақылау жүргізілген. Әр әскери бөлімде гарнизон прокурорының және Әскери полиция жасағы бастығының сенім жәщіктері орналасқан, хат-хабарлар проблемалық мәселелер бойынша тездедіп шешімдер қабылдау үшін мекенжайларға түсетін мүмкіндіктер қарастырылған.

Казарманың (жатын-орын) әр жайғасу орындарында, штабта, асханада, БӨП, клубта барлық деңгейдегі басшылық құрамның, соның ішінде қызметтік телефоннан қоңырау шалу үшін қол жетімді сенім телефондары туралы ақпарат орналастырылған. Әскери қызметшілердің қызметтік әрекеттегі проблемалар туралы әр уақытта оларға қоңырау шалуға немесе СМС-хабарлама жолдауға мүмкіндіктері бар. Әр келіп түскен сигнал бойынша проблемалық мәселелерді тексеру және жою бойынша, сондай-ақ осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін алдын алу бойынша қажетті жұмыстарды әскери бөлім басшылығы қадағалау жүргізеді.

Азаматтар назарына!!!

Шымкент қаласының 18-27 жас аралығындағы азаматтары әскер қатарына арнайы шақыртуды күтпей-ақ өзіне қажетті құжаттарымен тұратын мекенжайлары бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент, басқармаларына өз еріктерімен келуіне болады, өз Отанына қызмет жасауға жауапкершілікпен қарап белсенділік танытуға шақырамыз.
Отанды қорғау әрбір азаматтың асыл парызы екенін естен шығармайық.

                                                                                                           Р.Ж.Мадьяров

Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары,
подполковник