Мамандандырылған ІТ лицей-интернаты ашылады

106

 

Шымкентте білім саласындағы инфрақұрылымды және цифрландыруды дамытуда бірқатар жобалар іске асуда.

Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы бүгінгі онлайн форматта өткен тамыз кеңесінде осы бағыттағы жаңалықтарды айтып өтті.

Қалада жаңа оқу жылынан бастап «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» есігін айқара ашпақ. Сондай-ақ, 5 «IT мектеп-лицейі» қайта құру арқылы жаңа бағытта жұмыс істейді. Осыған байланысты 12 STEM лабораторияларын ашу да жоспарлануда.
Одан бөлек, биылғы жаңа оқу жылында «Оқушылар сарайы» базасында заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген «IT-орталығы» қосымша білім береді.