Өргебас және Фердауси ауылдары қалпына келтіріліп жатыр

209

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы апаттан зардап шеккен Өргебас, Фердауси ауылдары қалпына келтіріліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы құрылыс барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Қазір 4 мыңдай халқы бар елді мекендегі 500-ден астам баспана сүріліп, қайта салынып жатыр. Су басудың салдарынан зардап шеккен әр үйдің құрылысына мемлекеттен 17 млн. теңге бөлінген.

Тұрғындар оны 4 бөліп алуда дейді билік өкілдері. Бүгінде құрылысы жүріп жатқан үйлердің қабырғалары қаланып, шатыры жабылып жатыр. Екі ауылға 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Әлеуметтік нысандар жөнделіп, инфақұрылым қалпына келтірілуде. Асфальт төсеу жұмыстары тұрғын үйлердің құрылысынан кейін жүргізіледі.

Мақпал Рысбаева