Құрылыс жұмыстарын жасаған шеберден ақша талап еткендер құрықталды

207

Түркістан облысы полицейлері өзінше билік етіп, ақша талап еткен күдіктілерді анықтады

Кентау қалалық ПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында өзіне жақын таныс емес екі азамат, өзінше билік етіп, ақша талап еткенін хабарлаған. Полицейлердің анықтауынша, жәбірленуші алдын Түркістан қаласында екі үйге құрылыс жұмыстарын жасап берген. Кейіннен үй иелері жұмысты дұрыс жасамадың деп, бұдан 200 000 теңге талап еткен. Осыдан кейін жәбірленуші полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Полицейлер жәбірленушінің жауабында көрсетілген азаматтарды анықтап, ұстау мақсатында қажетті шараларды іске асырды. Нәтижесінде ақша талап еткен азаматтар ұсталды. Олардың екеуі де Түркістан қаласының тұрғындары болып шықты.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 389-бабы „Өзінше билік ету„ бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер болған оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Күдіктілердің бас шарасы „міндеттеме„.